Ұлытау облысының бас полицейі Білім күні оқушыларға жол қозғалысы ережелерін түсіндірді

Ұлытау облысының бас полицейі Білім күні оқушыларға жол қозғалысы ережелерін түсіндірді

1 қыркүйек – Білім күніне орай Ұлытау облысы Полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев Жезқазған қаласындағы №3 мектепке арнайы барып, 1-сынып оқушыларын мерекемен құттықтады. Генерал-майор бүлдіршіндерге ізгі тілегін білдіріп, жаңа білім жолына сәттілік тіледі. Сонымен қатар іс-шара барысында полиция қызметкерлері оқушыларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіріп, естелік сыйлық таратты. Өңірде департамент бастығының бұйрығымен барлық білім ошақтарында жауапты офицерлер бекітіліп, қауіпсіздік шаралары жүргізілуде