2000-ға жуық азамат қатысқан марафонда полицейлер жеңіске жетті

2000-ға жуық азамат қатысқан марафонда полицейлер жеңіске жетті
 
Түркістан облысында 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай “Тұрақтылық-татулық тұғыры” атты марафон ұйымдастырылды.
Оған облыстың 18-29 жас аралығындағы 2000-ға жуық түрлі сала мамандары, полицейлер, еріктілер мен тұрғындар қатысты.
Аталған марафонда Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкері Жасұлан Сәрсенәліұлы
Юсупов І-орынды, ал Асылбек Аманжолұлы Ибрагимов ІІІ-орынды қанжығалады.
Одан бөлек Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері де марафонға өз үлестерін қосып, жастар арасында есірткінің зияны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ жеңімпаз атанған еріктілер мен бірқатар тұрғындарды арнайы Дипломмен марапаттады.