Түркістан облысының полицейлері зорлық-зомбылықсыз Қазақстан челленджін жолдайды

Түркістан облысының полицейлері зорлық-зомбылықсыз Қазақстан челленджін жолдайды
 
ҚР ІІМ-нің бастамасымен «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында республикалық челлендж бастау алды. Түркістан облысы аталған эстафетаны Павлодар облысының полицейлерінен қабыл алып, ауқымды флешмоб ұйымдастырды. Шараға жасөспірімдерден бастап, мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер, қала жастары мен полицейлер қатысты.
Түркістан аренаға жиналған жұртшылық зорлық-зомбылыққа жол жоқ ұранымен барша жүректерді біріктірді. Мақсат - әр отбасының бейбітшілік пен құрметке негізделген болашағына жол ашу, қоғамда зорлық атауының мүлдем жойылуына ықпал ету.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері челлендж эстафетасын Батыс Қазақстан облысына жылы тілекпен және болашаққа деген үлкен сеніммен жолдайды.