Полицейлер жас сақшыларға Абай шығармашылығын дәріптеді

Полицейлер жас сақшыларға Абай шығармашылығын дәріптеді
 
Қазақтың біртуар азаматы, қара сөз шебері Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойын атап өту мақсатында Түркістан облысының полицейлері бірқатар шаралар ұйымдастыруда.
Мәселен Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудандағы жас сақшылармен бірге кітапханада қазақтың мәдениеті мен әдебиетіне арналған кездесу өткізді.
Мақсат - полиция сыныбының оқушыларын кітап оқуға баулу, Абайдың әдеби шығармалары арқылы адамгершілік пен рухани құндылықтарды бойларына сіңіру. Шара барысында жасөспірімдер А.Құнанбаевтың өлеңдері мен қара сөздерін саналарында қайта жаңғыртып, өздеріне рухани азық алып қайтты.
«Бұл игі бастама жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, олардың дүниетанымын кеңейтуге зор ықпал етті»,-дейді полицейлер.