Полиция күдіктілерден 12 мыңнан астам "Трамадол" таблеткасын тәркіледі

Полиция күдіктілерден 12 мыңнан астам "Трамадол" таблеткасын тәркіледі
 
Түркістан облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс – қимыл басқармасының қызметкерлері құрамында есірткі заты бар "Трамадол"дәрілік препаратын сақтау мен тасымалдау дерегіне қатысты күдікті екі адамды анықтап, ұстады.
Нақтырақ айтсақ, полицейлер Түлкібас ауданының "Алматы-Шымкент" тас жолында Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары, екі ер адам отырған "Lada" автокөлігін тоқтатты. Аталған көліктің жүксалғышын тексеру кезінде "Трамадолдың" 12 000-нан астам таблеткасын тауып, тәркіледі.
Қазіргі уақытта бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Күдіктілер қамауға алынды.