Оқушылар полиция имиджін көтеруге ат салысты

Оқушылар полиция имиджін көтеруге ат салысты
 
«Жасөспірім» іс-шарасы аясында Төлеби ауданындағы Бірінші мамыр жалпы орта мектебінің жоғары сынып оқушылары арасында «Полиция балалар көзімен!» тақырыбында сурет салу байқауы өтті. Мақсат-балалардың көзқарасымен тәртіп сақшыларына деген пікірін білу, ел қорғандарына деген сенімдерін одан әрі арттыру.
Сурет салуға құмар 15 жасөспірім түрлі-түске бояған шығармаларында Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін көрсетіп, өз ойларындағы полицейдің кейпін ұсынды. Әрбір салынған суреттен балалардың мейірімі мен сенімі анық сезілді.
Байқау нәтижесімен жүлделі орын алған қылқалам шеберлеріне аудандық полиция бөлімінің «Алғыс хаты» мен естелік сыйлықтары үлестірілді. Тәртіп сақшылары балаларға шығармашылық табыс тіледі. Жасөспірімдермен бірге өткізілетін мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.