Полиция интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша 1500-ден астам жаднама таратты

Полиция интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша 1500-ден астам жаднама таратты
 
Түркістан облысының тәртіп сақшылары халық арасында интернет-алаяқтық тәуекелдері мен оның алдын алу, азаматтарды алаяқтардың әрекеттерінен қорғау және желідегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдері туралы хабардар етуге бағытталған іс-шараларды белсенді түрде жалғастыруда.
Мәселен Арыс ауданының полицейлері білім беру мекемелері мен ұйымдарында, қоғамдық орындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға интернет-алаяқтықтың түрлері, схемаларын анықтау тәсілдері туралы жеткізіп, 1500-ден астам ақпараттық жаднама таратты.
Негізгі мақсат-халықтың, әсіресе алаяқтардың құрбаны болатын жастар мен қарттардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру. Азаматтарға жеке деректерін, банк карточкаларының кодтарын бөгде адамдарға жария етпеуді, сондай-ақ күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуді ескертеді.
Полицейлер атап өткендей, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша мұндай алдын алу шаралары алаяқтардың қулықтарынан зардап шеккендердің санын азайтуға және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға көмектеседі.