Полицейлер жасөспірімдермен құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында кездесу өткізді

Полицейлер жасөспірімдермен құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында кездесу өткізді
 
ҚР ІІМ Ержан Сәденов 2025 жылды «Профилактика жылы» деп бекітті. Осының аясында жергілікті өңірдегі полицейлер қоғамдағы кез келген құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алуға бағытталған шараларды қарқынды атқаруда.
Мәселен Түркістан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жасөспірімдермен маңызды жиын өткізді. Полицейлер «Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінің» студенттері, Ескі Иқан ауылындағы №1 мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесті.
Іс-шараға оқу орнының директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтары, жастар ісі жөніндегі мамандар да қатысты. Шара барысында жасөспірімдерден әлімжеттік бойынша сауалнамалар алынды. Құқық бұзушылыққа бейім оқушылармен жеке дара түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсат - маргиналды топтардың құрылуы, қорқытып алу, буллинг, бұзақылық қылмыстарының алдын алу және жолын кесу. Яғни кездесу кезінде полицейлер жастармен осы бағыттағы профилактикалық әңгіме жүргізіп, бейнероликтер көрсетті. Елдің болашағы болатын жасөспірімдерді қашанда саналы ұрпақ қатарынан табылып, тек білім деңгейі
бойынша жарысуға шақырды.