Полиция басшылығы мектеп оқушыларымен ашық сұқбат жүргізді

Полиция басшылығы мектеп оқушыларымен ашық сұқбат жүргізді
 
Түркістан облысы Төлеби аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Қуашбаев N7 IT мектеп-лицейі және Әл-Фараби жалпы орта мектебінде білім алып жатқан жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, бүгінгі таңдағы маңызды жасөспірімдер мәселесі бойынша ашық сұқбат жүргізді.
“Жасөспірім” іс-шарасы аясында жүргізілген кездесуде полиция басшысы оқушыларға қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтың салдары туралы жан-жақты түсіндіріп, заңға бағынудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Сонымен қатар жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлері, лудомания, буллинг, нашақорлық, ұсақ бұзақылық, зорлық-зомбылық пен олардан сақтану жолдары жөнінде нақты мысалдар келтірді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Полиция бастығы оқушыларды адалдыққа, тәртіпке және қоғамға пайдалы азамат болуға шақырды.