ҚР ІІМ-нің «2024-2026 жылдарға арналған ұрлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы жоспарының тармақтарын орындау шеңберінде Түркістан облысының полицейлері қарқынды қызмет атқаруда. Тәртіп сақшыларының жүйелі жұмысы нәтижесінде жыл басынан бері тіркелген 13 дерек мал ұрлығы қылмысының 10-ы ашылды. Ұрланған 71 бас малдың 41-і иелеріне қайтарылды. Сондай-ақ облыс аумағында мал ұрлығын жасаған 14 қылмыскер құрықталды. Мал ұрлығын кәсіп еткен 4 қылмыстық топтың жолы кесілді.
Мәселен Мақтаарал ауданында мал ұрлығына қатысы бар күдікті жас жігіттер қолға түсті. Олар түнгі уақытта жайылымдық жерден ірі қара мал жымқырып, жүк автокөлігіне артып әкеткен. Жәбірленушіге жарты миллион теңге шығын келтірді. Тәртіп сақшылары дер кезінде күдіктінің қорасынан қолды еткен малды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.
Полиция қызметкерлері мал жаю ережелерін бұзған 1600-ге жуық құқық бұзушылықты анықтады. Ветеринария қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуде. Аталған жұмысшы топпен ет өнімдері, ауыл шаруашылық малдарынқұжатсыз, сырғасыз тасымалдауына тосқауыл қойылып, 161 құқық бұзушылыққа шара
көрілді.
Осы тұста полиция қызметкерлері жайылымдық жерлерде малды қараусыз қалдырмау, үш жақты келісім-шарт бойынша түсіндірме жұмыстарын үздіксіз атқаруда. Барлықаудандарда үй жануарларын сырғалау, таңбалау жүргізілуде. Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да жалғаса бермек.