ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІ ЖОҚ АЗАМАТТАР ЕНДІ МОПЕД ТІЗГІНДЕЙ АЛМАЙДЫ

ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІ ЖОҚ АЗАМАТТАР ЕНДІ МОПЕД ТІЗГІНДЕЙ АЛМАЙДЫ
 
Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Әкімшілік полиция басқармасының Процессингтік орталығының басшысы Бақытжан Мейірбеков «Мопедтерді тіркеу ережелері» тақырыбында брифинг берді.
Баспасөз мәслихаты барысында қазіргі таңда жасөспірімдер арасында өзекті мәселелердің біріне айналған мопед тізгіндеу енді тек жүргізуші кәулігі бар адамдарға ғана рұқсат етілетіндігі айтылды. Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» Заңына толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп, қозғалтқыш көлемі 0,5-тен төмен мопедтер механикалық көлік құралдарымен теңестірілді.
Аталған күннен бастап мопедтерді пайдалану тек полицияда тіркеуден өткен, A1, A және B санатындағы жүргізуші куәлігі бар, техникалық тексеруден өткен және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырған жағдайда ғана рұқсат етілетіндігін айтқан Бақытжан Айтбекұлы осы хабарландыруды назарға алуды ұсынды.
Өз кезегінде 2025 жылғы 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалану және жүргізуші куәлігінсіз басқаруға тыйым салынатынын ескере отырып, Түркістан облысы Полиция департаменті мопед иелерін алдын ала тіркеуден өтуге және жүргізуші куәлігі жоқ адамдарға мопед жүргізу құқығын алу үшін автокөлік мектептерінде оқуға кеңес береді.
Сонымен қатар Түркістан облысы Полиция департаменті мопедтерді тіркеу және жүргізуші куәлігін алу мәселелерін кейінге қалдырмауды ұсынады.
Қосымша сұрақтар бойынша сағат 09:00-ден сағат 19:00-ге дейін келесі телефон нөміріне хабарласып, ақпарат алуға болады: 8 (725-33)5-86-37