Төрт түліктің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары бойынша полиция ескертеді

Төрт түліктің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары бойынша полиция ескертеді
 
Полиция тарапынан жүргізілетін алдын алу жұмыстарына қарамастан, ауданға қарасты елді-мекендерде малды еркін жаю фактілері жиі орын алуда. Мал иелерінің тарапынан тиісті бақылаудың болмауы, мал ұрлығына және жолдағы автокөліктер мен жолаушылары үшін елеулі қауіп-қатерлерге алып келеді.
Қараусыз мал иелерінің немесе бақташылардың жауапкершілігін арттыратын өзгерістер заңды түрде күшіне енді. Енді оларға ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы қолданылады. Оған үй жануарларын жою ережелерін бұзу да кіреді. Баптың санкциясы 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.
Жыл басынан бері Ордабасы ауданында көлемінде үй жануарларының себебінен 59 жол-көлік оқиғасы орын алған. Жолдағы иесіз мал – қозғалысқа үлкен кедергі екенін еске саламыз.
Күтпеген соқтығысу нәтижесінде жүргізушілер мен жолаушылар жарақат алады, ал кейбір жағдайларда адамдар қайтыс болады. Сол себепті жол бойындағы үй жануарларының көліктермен қақтығысуын болдырмау мақсатында тұрғындардан өз меншігіндегі үй жануарларын уақытылы қамап, жол-көлік оқиғасына себепкер болмауға шақырамыз.