Түлкібас ауданында «Ашық есік күні» өтті

Түлкібас ауданында «Ашық есік күні» өтті
 
Түлкібас ауданында отбасы тұрмыстық қатынастағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету және халықтың ішкі істер органдарына сенімін арттыру мақсатында «Ашық есік күнін» өткізді.
Осы тұста Түлкібас ауданы полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторы полиция аға лейтенанты Гүльбану Есенкулова азаматтарды қабылдады. Аталмыш шараға жалпы 9 тұрғын қатысып, қажетті кеңестерін алды. Яғни қабылдауға келген әйелдер іс-шара аясында, полицейлердің көмегіне жүгініп, көкейтесті сұрақтары бойынша тиянақты жауаптарын алды. Келген әрбір тұрғынға полицейлер құқықтық және психологиялық сауаттылықтарын арттыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кейбір азаматтар өзінің мәселесін баяндаса, енді бірі тәртіп сақшыларына алғыстарын жаудырды. Жалпы жыл басынан бері полиция қызметкерлерімен 143 қорғау нұсқамасы алынып, 10 ерекше талап алынып, профилактикалық жұмыстар ұдайы атқарылуда.
Профилактикалық шара кезінде полицейлер, тұрғындарға заң тұрғысынан толыққанды түсіндіріп, қандай да бір кұқық бұзушылық дерегі орын алған жағдайда полицияға дереу хабар беруді ескертті.