Полицейлер "Жасөспірім" шарасы барысында 470-ке жуық құқық бұзушылықты анықтады

Полицейлер "Жасөспірім" шарасы барысында 470-ке жуық құқық бұзушылықты анықтады
 
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта үйден тыс болу фактілерінің жолын кесу мақсатында, Түркістан облысының аумағында "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Жұмыс барысында тәртіп сақшылары көшелерді, ойын-сауық орындарын және жастардың басқа да шоғырланған жерлерін тексерді, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық заңнама нормаларын түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Іс-шараның 3 тәулігінің қорытындысы бойынша полицейлер 469 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді. Оның ішінде 19-ы ұсақ бұзақылық фактісі және түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болған 423 кәмелетке толмағандар анықталды.
Жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы "кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және (немесе) тәрбиелеу, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша 13 әкімшілік хаттама жасалды. Құқық бұзушылыққа бейім 50 жасөспірім және қолайсыз 37 отбасы профилактикалық есепке алынды.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары оқушылармен құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық орындарда жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіруге және жол қауіпсіздігін сақтауға бағытталған ашық сабақтар мен кездесулер өткізді.