Жаяу жүргіншілер жолағы мен жол белгілері жаңартылуда

Жаяу жүргіншілер жолағы мен жол белгілері жаңартылуда
Оқу жылының басталуы қарсаңында, оқушылардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын нығайту мақсатында Созақ аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің жол және техиналық инспекция тобы қызметкерлері «Абайлаңыз балалар!» акциясы аясында жол таңбаларын қайта жаңартып сызуда.
Яғни жасанды жол кедергілерін орнатып, Шолаққорған ауылындағы мектеп пен мектепке дейінгі мекемелерге келер жолдар бойындағы жолақтар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің жаңартылуына белсене атсалысуда.
Сондай-ақ Созақ ауданы полиция бөлімінің ұсынысы аудан әкімдігі тарапынан қолдау тауып, 25,7 шақырым жол сызбалары сызылды. Ал оның шамамен 900 метрі жаяу жүргіншілер өткелдеріне арналды. Жалпы екі тәулікке созылған мұндай қарқын алған жұмыстар көлік қозғалысына кедергі келтірмеуі мақсатында түнгі уақыттарда жүргізілді.
Яғни жолдың жүру бөлігіне жол таңбасын сызып, 6-ға жуық білім ошақтарының алдындағы жолақтар жаңартылып, жол белгілері орнатылды.
Осылайша жол қозғалысына қауіп төндіретін кемшілік жойылды. Бейбіт күнде жол бойында болатын апаттардың алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да іске асырыла бермек.