Егістіктен 2 дана мотор ұрлаған күдіктілер анықталды

Егістіктен 2 дана мотор ұрлаған күдіктілер анықталды
Келес аудандық полиция бөліміне 2 тұрғыннан шағым түсті. Олардың айтуынша, түнгі уақытта егістік алқаптарынан құны 80.000 теңге тұратын су тартатын 2 дана моторын белгісіз біреулер ұрлап кеткен.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды. Хабарламаны алған бойда тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетті. Олар ұрлық қылмысын ашуға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап, куәлардан жауап алды. Нәтижесінде бір тәулік ішінде олардың жергілікті тұрғын екені белгілі болды.
Анықталғандай, күдікті екеу ақылдасып, түнгі уақытта арам ойларын жүзеге асырған. Бөтеннің мүлкін арнайы орынға барып өткізіп жіберген.
Бүгінде қолды болған су тартатын 2 мотор тәркіленіп алынып, заңды иелеріне қайтарылды.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.