Қой ұрлаған қойшы анықталды

Қой ұрлаған қойшы анықталды
Арыс аудандық полиция бөліміне мал шаруашылығымен айналысатын тұрғын арызданды. Оның айтуынша, қойшысы өзіне сеніп тапсырылған 6 бас қойды жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгені құрады. Аталған фактіні полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды.
Жағдайды анықтау барысында полицейлер, қойшы сеніп тапсырылған қойларды өзінің қарызын жабу үшін ұрлап сатпақшы болғаны анықталды.Күдікті ер адамнан қолды болған қойлар алынып, заңды иесіне қайтарылды.
Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.