Учаскелік полиция инспекторы тұрғынның жоғалған 2 бас асылтұқымды биесін тауып, алғыс алды

Учаскелік полиция инспекторы тұрғынның жоғалған 2 бас асылтұқымды биесін тауып, алғыс алды
Келес ауданының полициясына жергілікті тұрғын арызданып, тұрғылықты мекенжайынан 100 метр қашықтықта орналасқан егістік алқапта жайылып жүрген 2 бас асылтұқымды жылқыларын жоғалтып алғанын жеткізді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 2 миллион теңге.
Тұрғынның шағымы бойынша оқиға орнына Келес ауданының учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Еркін Ерденбаев шұғыл жетіп, мән-жайды анықтайды.
Жәбірленушімен бірге жақын аймақтардың барлығын тексеріп, тоғайларда іздестіру шараларын жүргізіп, күні-түні жедел-әрекет етуі нәтижесінде, 1 күн ішінде 2 бас жылқыны табады. Қараусыз жүрген жылқылар, Сарыағаш ауданы жайылымда жүргендігі белгілі болды.
Өз кезегінде жылқыларын жоғалтып алған тұрғын, хабар алысымен өзімен бірге малдарын іздестіріп, тез арада тауып берген полицейлерге, оның ішінде учаскелік полиция инспекторы Еркін Ерденбаевқа алғысын білдіріп, жұмысына табыс тіледі. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға малдарыңызды жайылымда қараусыз қалдырмай, мүмкіндігінше сенімді бақташы жалдауға кеңес береді. Ал малыңызды ұрлатып немесе жоғалтып алсаңыз, «102» телефонына хабар беріңіздер.