Түркістан облысының полицейлері тұрғыннан есірткі заты бар 5 дана сіріңке қорабын тапты

Түркістан облысының полицейлері тұрғыннан есірткі заты бар 5 дана сіріңке қорабын тапты
Мақтаарал ауданының полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларын сақтау, қадағалау, қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп отырады. Осындай кезекті шара барысында полиция капитаны Е.Жылқыбаев, кешкі уақытта көлігінің ішінде күмәнді зат қолданып отырған жүргізушіні байқап, оқиға орнына жедел-тергеу тобын шақыртты.
Осылайша көліктің құжаттарын тексеріп, жауап алып, тінту жүргізу барысында тұрғыннан 5 дана сіріңке қорабына салынған есірткіге ұқсас зат табылды. Аталмыш жайтқа байланысты ер адамнан алынған зат арнайы сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған зат жалпы салмағы 20 грамға жуық «кептірілген марихуана» екендігі белгілі болды. Полицейлер аталмыш есірткіні тұрғынның қайдан алғанын анықтау мақсатында жұмыстар атқаруда.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабымен «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» тіркеуге алынып, қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға салауатты өмір салтын қалыптастырып, жат әдеттерден аулақ болуға шақырады.