Түркістан облысында бақташы бөтеннің 350 мың теңге тұратын жылқысын ысырап етіп, жоқ қылған

Түркістан облысында бақташы бөтеннің  350 мың теңге тұратын жылқысын  ысырап етіп, жоқ қылған
Ордабасы полициясына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша ауыл сыртында мал бағатын бақташыға 1 бас биесін сеніп тапсырған. Алайда қазіргі уақытта биесін қайтарып ала алмағанын көрсеткен.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды.
Хабар келіп түскен бойда тәртіп сақшылары оқиға орнына шұғыл шықты. Полицейлердің жүргізген тиянақты жұмысының нәтижесінде, аталмыш қылмысқа күдікті ретінде жәбірленушінің қой бағып жүрген жұмысшысы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Анықталғандай жәбірленуші жылқысын бақташыға сеніп тапсырған. Алайда күдікті жылқыны арзан бағада сатқан. Ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жалғасуда.