Түркістан полицейлері демалыс орнынан 4 бірдей аккумуляторды ұрлаған күдіктіні ұстады

Түркістан полицейлері демалыс орнынан 4 бірдей аккумуляторды ұрлаған күдіктіні ұстады
Отырар ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші азаматтың айтуынша Отырар ауданына демалыс орнындағы үйінің сыртында орналасқан күн сәулесінен қуат алатын құрылғының 4 дана аккумуляторын белгісіз азамат жасырын түрде ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 500 000 теңгеге жуық. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚК 188-бабы, яғни «Ұрлық» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Хабар алысымен полиция қызметкерлері тау-тасқа қарамастан ауыл сыртында орналасқан мал жайылымына жедел жетті. Осылайша орын алған қылмысты ашуға бағытталған барлық іс-шараларды жүргізді. Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті азаматты анықтады. Күдікті ер адам Түркістан қаласының тұрғыны. Қазіргі таңда орын алған оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Белгілі болғандай күдікті азамат демалыс орнына барған соң бөлмеде тұрған аккумуляторларды байқаған. Пайда табуды көздеп, 4 аккумуляторды көлігіне салып, оқиға орнынан ізін суытқан. Осыдан соң аккумулятордың екеуін сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Қалған екі аккумуляторды өзімен бірге сақтаған. Бүгінгі күні ұрланған заттар тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Түркістан облысы полицейлері ұрлық қылмысының алдын алу үшін, үйлеріңізге бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді.