Келес аудандық ПБ полицейлері мал ұрлығының алдын алу мақсатында, аудан аумағында профилактикалық рейдтік іс-шара ұйымдастырды . Іс-шараға негізінен жергілікті полиция бөлімшесінің қызметкерлері жұмылдырылды.
Рейд кезінде полицейлер аудан төңірегіндегі мал бағатын қожалықтарды, үйлерді аралап, таңбалау-сырғалау жұмыстарын қадағалап , құжаттарына тексеріс жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар ауылдар мен аудан аралығындағы жол қатынастарында мал тасымалдаушы көліктерді тексеріп,нәтижесінде Абай ауылынан « Газель» маркалы автокөлігімен ветеринарлық куәліксіз, құжатсыз 6 бас ірі қара малын заңсыз тасымалдау жайтын анықтады.Осыған орай ҚР ӘҚБКт 406-бабы«Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» бойынша құжаттары жинақталып, әкімшілік шара қолдану мақсатында аудандық ветеринарлық инспекцияға жолданды .
Келес аудандық полицейлері мұндай рейдтік іс-шаралар жиі-жиі өткізіліп тұратындығы туралы хабарлайды .Сондай-ақ мал ұстаушы аудан тұрғындарына келеңсіз жағдайлар орын алмас үшін , өз жеке меншік малдарының қараусыз немесе бақташысыз жүрмеуін қадағалауды және ветеринарлық құжат рәсімдеп, түгел таңбалап сырғалау жұмыстарын жүргізу керектігін ескертеді.