Түркістан облысында 3000-ға жуық құқықбұзушылық анықталған «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы қорытындыланды

Түркістан облысында 3000-ға жуық құқықбұзушылық анықталған  «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы қорытындыланды
Түркістан облысында 27-29 сәуір аралығында өткен «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аяқталды. Полицейлер 3 күн ішінде 3000-ға жуық құқықбұзушылықты анықтады.
Нақтырақ айтар болсақ, Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің полицейлерімен жедел профилактикалық шара жоғары деңгейде өткізілді.
Мәселен ұсақ бұзақылықтың-275, тыныштықты бұзудың-46, алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келудің-165, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болудың-176, Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұрудың-291, шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуының-37, шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тартудың-2, белгiленген жүру жылдамдығын арттырудың-71, жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамаудың-666, көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзудың-16, жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеудің-190, жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына берудің-14, жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуының-791, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдаудың-1 жайттары анықталды.
Сондай-ақ аталмыш шара аясында есепте тұрған тұлғалар, олардың тұрғылықты мекенжайлары, көпқабатты және жалдамалы тұрғынжайлар тексерілді. Жалпы облыс полицейлерімен бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таба береді.
Облыс тұрғындарынан әркез мұқият болып, заң шеңберінде ғана іс-әрекет жасауға, қандай-да бір заңға қайшы әрекетке бармауға, ал егер қылмыс немесе құқықбұзушылықтың куәгері болсаңыздар бірден полицияға хабар беруге шақырамыз.