Полицейлер тұрғынның жоғалған 2 бас жылқысын қайтарды

Полицейлер тұрғынның жоғалған  2 бас жылқысын қайтарды
Төлеби аудандық полиция бөліміне Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны шағымданады. Арызданушы апамыздың айтуынша, оның жайылымда байлап қойған 1 бас биесі мен 1 бас тайының орнында жоқтығын көрген. Аталған жылқылардың бағасы базар нарқымен 1 000 000 теңгеге жуық. Өзі 1 апта бойы ары-бері іздеп таба алмағаннан кейін, полицейлерден көмек сұрайды.
Хабар алысымен тәжірибелі тәртіп сақшылары әрекет етіп, іздеуге кіріседі. Куәгерлерден жауап алып, жақын аумақтарды аралайды. Жол талғамайтын қызметтік көлікпен тау-тасты мұқият қарап шығады. Соның нәтижесінде 12 шақырым қашықтықтағы қоралардың бірінен тәртіп сақшылары тұрғынның жоғалған жылқыларын табады. Содан жылқылар заңды иесіне қайтарып алғыс алады.
Жоғалған жылқының егесі Гүлбара Нүрсейтова өз сөзінде: «Полицейлерге, мың рақмет! Жоғалған жылқыларымды аз уақыттың ішінде тауып берді. Негізі бірінші өзім іздеп шығып едім, менің іздеуімнен ештеңе шықпады. Төлебилік тәртіп сақшыларына рақметімді айтамын!»-деп, шынайы ризашылығын білдірді.
Өз кезегінде облыс полицейлері қора-жайларды мықтап бекітіп, мал жайылымында малдарды қараусыз қалдырмауға және ұқыпты болуға шақырады. Сондай-ақ төрт түліктерді уақытылы таңбалап, енін салдыртуы тиіс. Мал қораларды да жақсылап қоршап, бекітіп, жарықтандырған жөн. Үй жануарлары жоғалса немесе ұрланса, уақыт жоғалтпай полиция бөліміне тез арада хабарласыңыздар. Бұл малыңыздың ерте табылуына, қылмыс болса, ізін суытпай ашуға ықпал етпек.
ТО ПД баспасөз қызметі