Түркістан облысының полицейлерімен карантин режиміне байланысты күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстары жүргізілуде. Оның аясында адам көп жиналатын басқосулар, той-жиындар мен іс-шаралар анықталып, қауіпсіздік шаралары қадағалануда.
Осындай кезекті рейд кезінде Төлеби АПБ-нің қызметкерлері мобильдік топпен бірге Ленгер қаласы тойханаларының бірінде «Үйлену тойын» жасап, 120-дан астам туыстарын жинаған тұрғынды анықтады. Үйлену той жасаған тұрғынмен полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, карантин кезінде мұндай шараларға жол берілмеуі керектігі туралы ескертті.
Той иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша құжаттар жинақталып, СЭББ-ға жолданды. Осы тұста айта кетер жайт, Төлеби ауданы аумағында мобильдік топтар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабын бұзудың 5 жайтын анықтады.
Түркістан облысы Полиция департаменті карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.
ТО ПД баспасөз қызметі