Түлкібас аудандық полиция бөлімінде “Жас сақшы” сыныбының оқушыларымен танымдық кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және кәсіби бағдар беру.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері оқушыларға криминалистердің жұмысының ерекшеліктері мен қылмыстарды ашу және тергеудегі рөлі туралы айтып берді. Оқушылар оқиға болған жерді қалай қарау жүргізілетіні, іздерді анықтау, бекіту және зерттеу тәсілдері туралы мағлұмат алды. Сондай-ақ мектеп оқушыларына криминалистиканың негізгі бағыттары – дактилоскопия, трасология және баллистика туралы түсіндірілді.
Полиция қызметкерлері тәжірибелік қызмет барысында қолданылатын арнайы криминалистикалық құралдар мен жабдықтарды көрсетті. Кездесу ашық диалог форматында өтті. Оқушылар ішкі істер органдарындағы қызмет, криминалист мамандығының ерекшеліктері және бейінді білім алу мүмкіндіктері туралы белсенді түрде сұрақтар қойды.
Мұндай кездесулер оқушыларға құқық қорғау қызметімен жақынырақ танысуға, полиция қызметінің түрлі бағыттары туралы түсініктерін кеңейтуге және болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға мүмкіндік береді.