Жас сақшылар полиция қызметімен танысты

Жас сақшылар полиция қызметімен танысты
 
Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру және полиция мамандығына қызығушылығын қалыптастыру мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының «Жас сақшы» сыныбы оқушылары үшін Ашық есік күнін ұйымдастырды.
Іс-шара барысында оқушыларға ішкі істер органдарының күнделікті қызметі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстары таныстырылды. Жас сақшылар Жедел басқару орталығын аралап, құқық бұзушылықтарға жедел ден қоюда заманауи технологиялардың маңыздылығын көрді.
Сонымен қатар мектеп оқушылары полицияның қызметтік көліктерін, арнайы техникалары мен құрал-жабдықтарын, қызмет барысында қолданылатын қару-жарақ түрлерімен танысты.
Полиция қызметкерлері жас сақшыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылатын жұмыстарды түсіндірді.
Ашық есік күні барысында оқушылар полиция қызметінің қыр-сырын жақынырақ танып, тәртіп сақшыларының жауапты еңбегіне көз жеткізді.