Түркістан облысының полицейлері автокөлікпен жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен тұрғынды ұстады

Түркістан облысының полицейлері автокөлікпен жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен тұрғынды ұстады
Кентау ҚПБ-не қалалық орталық ауруханасынан хабарлама түскен. Онда жол көлік оқиғасы салдарынан дене жарақаттарымен жасөспірім бала түсіп, жан тапсырғандығы көрсетілген. Ақпарат алысымен полицейлер оқиға орнына бірден жол тартып, мән-жайын анықтап тексеруге кірісті.
Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Кентау ҚПБ-нің жедел-тергеу тобы өрескел қателік жасағанына қарамастан қашып кеткен көлік жүргізушінін анықтауға қажетті шараларды атқарды. Куәгерлерден жауап алынды. Келеңсіз оқиға орын алған күні кезекшілікте болған полиция подполковнигі Тұрғынбаев Мұхаммедәлі осы іске қатысты күдіктіні ұстауға барын салып, қырағылық танытты. Соның арқасында адам қағып, жол апатын жасап, қашып кеткен күдікті ұсталды. Қазіргі таңда соттың шешімімен кінәлі жүргізуші үй қамақта
Тергеу барысында анықталғандай күдікті ауыл көшелерінің бірінде келе жатқан. Осы мезетте 6 жасар бала көлік алдынан жүгіріп шығып қалған. Жүргізуші азамат көлігін басқара алмай, оны қағып кетеді. Содан соң оны ауыл ішіндегі дүкендердің біріне алып барып, оқиға орнынан қаша жөнеледі. Ал, дүкен иесі жедел-жәрдем қызметкерлеріне шұғыл хабар берген. Алайда бала ауруханаға жетер-жетпес көз жұмады. Күдікті болса көлігін ауыл шетіне апарып, қорасына жасырған жерінен табады. Белгілі болғандай көлік "ресейлік нөмірлі" болып шықты.
Жол-көлік оқиғалары мен жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін тәртіп сақшылары жүргізушілерге жол ережелерін сақтауға, ең бастысы мас күйінде көлік жүргізбеуге кеңес береді. Сондай-ақ жолдарда жылдамдықты асырмау, қарсы жолаққа шығу, маневр жасау ережелерін және ЖҚЕ басқа да ережелерді бұзбау керек.
Жүргізуші есіңізде болсын: сіздің өміріңіз ғана емес, сонымен қатар жолаушылар мен жақындарыңыздың денсаулығы да жол қозғалысы ережелерін сақтауға байланысты.