Түркістан облысының полицейлері жол ережесін бұзушыны жауапқа тартты

Түркістан облысының полицейлері жол ережесін бұзушыны жауапқа тартты
"Фейсбук" қолданушыларының бірінің парақшасында әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде полицейлер "Мерседес" маркалы автокөлігінің жүргізушісі жол берген ЖҚЕ бұзу жайтын анықтады. Аталған бейне жазбада белгісіз ер адам Түркістан қаласындағы көшелердің бірінде қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, жол ережесін бұзған. Тәртіп бұзушыны анықтау мен ұстауға Түркістан ҚПБ-нің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жұмылдырылды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан ҚПБ ЖПҚ патрульдік полиция инспекторлары аталған автокөліктің жүргізушісінің жеке басын анықтады. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты, оған қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі "көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу" бойынша әкімшілік хаттама жасады. Тәртіп сақшылары "Мерседес Бенц Е280" маркалы көлікті айыппұл тұрағына қойды.
Өз кезегінде, көлік иесі Түркістан қаласының тұрғындарынан жолдағы өрескел әрекеті үшін кешірім сұрады және алдағы уақытта жол ережесін бұзбауға уәде берді.
Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге жол ережесін қатаң сақтау, қарсы жолаққа шықпау, жылдамдықты асырмау, маневр жасау ережелерін бұзбау және қашықтықты сақтау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ, мас күйінде көлік жүргізубеуге кеңес береді. Мұның бәрі қалпына келтірілмейтін салдарға әкелуі мүмкін. Жүргізушілер есіңізде болсын, сіздің өміріңіз ғана емес, сонымен қатар басқа жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі де жол қозғалысы ережелерін сақтауға байланысты. Жол қателіктерді кешірмейді!