Төлебилік полицейлер тұрғынның үйіне заңсыз кірген әккі ұрыны ұстады

Төлебилік  полицейлер тұрғынның үйіне заңсыз кірген әккі  ұрыны  ұстады
Төлеби АПБ-не зейнеткер жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші ер адамның айтуынша белгісіз тұлға оның үйіне сағат 17:30 шамасында заңсыз кіріп, қасақана пайдақорлық ниетпен ас бөлмедегі тоңазытқыштың үсінде тұрған әмиянның ішінен 200 000 теңгесін жымқырған. Сонымен қатар алтын бұйымдарын, қолсағат пен сырт киімдерін ұрлаған. Содан бірден полицейлерге хабарласады. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгеге жуық.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді.
Орын алған қылмысты ашу мақсатында Төлеби АПБ-нің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылып, күдікітіні ұстауға бағытталған шараларды іске асырды. Куәгерлерден сұрастырып, бейнебақылау камералары қаралды. Оқиға орны мұқият тексерілді.
Осылайша тәртіп сақшыларының жүргізген тыңғылықты іздестіру жұмыстары барысында ақпарат көздері арқылы күдікті азамат өзінің үйінен ұсталды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Тергеу барысында күдіктінің бұрын сотты болғаны анықталды. Бас шарасы қамауда.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін барлық қажетті сақтық шараларын сақтауды ескертеді.Үйлеріңізге мүмкіндігінше бейнебақылау камералары мен дабылқаққыш орнатыңыздар. Сондай-ақ есіктеріңізге берік құлыптар, терезелеріңізге темір торлар жасатыңыздар.