Мыңдаған көрермен, мінсіз тәртіп: Түркістандағы іс-шара қалай өтті

Мыңдаған көрермен, мінсіз тәртіп: Түркістандағы іс-шара қалай өтті
 
Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында өткен ауқымды іс-шара барысында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды.
Іс-шараға 6000-нан астам тұрғын қатысты. Полицейлер қоғамдық тәртіпті қадағалап қана қоймай, тұрғындармен профилактикалық жұмыстарды да қатар жүргізді.
Тәртіп сақшылары азаматтарға жол қозғалысы ережелерін сақтау, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік талаптарын орындау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, 3000-нан астам ақпараттық брошюра таратты.
Сонымен қатар 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жол қозғалысы белгілеріне арналған танымдық сайыс ұйымдастырылды. Белсенділік танытып, сұрақтарға дұрыс жауап берген 10-нан астам балаға арнайы сыйлықтар табысталды.
Мұндай профилактикалық шаралар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған жұмыстардың маңызды бөлігі болып табылады.