Түркістан қаласы Бекзат Саттарханов көшесінде жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы жалпы салмағы 5 тоннадан асатын жүк автокөліктерінің қозғалысына тыйым салынған учаскеге Түркия Республикасынан келген жүк автокөліктерінің абайсызда кіріп кеткені анықталды.
Аталған жағдайды байқаған ЖБО қызметкерлері дереу патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне тиісті бағыттама берді.
Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкері Түркия Республикасының азаматтарымен түрік тілінде байланыс орнатып, Қазақстан Республикасы жол жүрісі қағидаларының талаптарын түсіндірді. Сонымен қатар жүк автокөліктерінің қаладан қауіпсіз шығып кетуін қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысын реттеу шараларын ұйымдастырып, қажетті көмек көрсетті.
Көрсетілген кәсіби қолдау мен ілтипатқа ризашылық білдірген Түркия Республикасының азаматтары Қазақстан полициясына, әсіресе жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне шынайы алғыстарын жеткізді