Бозкілемде батылдық танытқан полицей ару І орынды иеленді 

Бозкілемде батылдық танытқан полицей ару І орынды иеленді 

 

Түркістан облысы полиция департаменті жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы Перизат  Жақыпбекова спорттағы кезекті жетістігімен өңір мерейін үстем етті. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті ұйымдастырған VIII Халық ойындарында Перизат Жақыпбекова қазақ күресінен 77 келі салмақ дәрежесінде барлық қарсыласынан басым түсіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Еліміздің 17 облысы мен 3 мегаполисінен келген үздік спортшылар бақ сынаған байрақты бәсекеде тәртіп сақшысы жоғары шеберлігі мен қайсарлығының арқасында үздік атанып, Түркістан облысының намысын абыроймен қорғады. Перизат Нұрланқызы – қызмет пен спортты қатар алып жүрген тәжірибелі маман. Ол қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы міндетін мінсіз атқарумен қатар, ұлттық спорттың дамуына да өзіндік үлесін қосып келеді.

Бұған дейін де республикалық және халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, спорт шебері атанған полиция қызметкері әріптестері арасында салауатты өмір салтын насихаттауда белсенділік танытып жүр.

Бұл жеңіс – тек Перизат Жақыпбекованың жеке жетістігі ғана емес, Түркістан облысы полициясының кәсіби даярлығы мен жоғары рухының, сондай-ақ тәртіп сақшыларының жан-жақты дамуына көрсетіліп жатқан қолдаудың айқын көрінісі.