Түркістан облысының полиция департаментінде қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арналған мемориалға гүл шоқтары қойылды. Іс-шараға полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров, ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев, департамент басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері, сондай-ақ полиция қызметкерлері қатысты.
Салтанатты рәсім барысында жиналғандар қызметтік міндеттерін орындау кезінде өз өмірін қиған қызметкерлердің құрметіне мемориалға гүл шоқтарын қойды. Қаза тапқан полицейлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Күн сайын тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қылмысқа қарсы іс-қимыл және қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі міндеттерді орындайды. Қызметтік борышты орындау көбінесе өмірге қауіп төндіреді және жоғары кәсібилікті, батылдық пен адалдықты талап етеді. Ерлік — ешқашан ұмытылмайды!