23 маусым – Қазақстан полициясы күніне орай Түркістан облысы Полиция департаментінде қызметкерлер арасында әскери-қолданбалы спортты дамыту және жауынгерлік даярлықты шыңдау мақсатында «Макаров тапаншасынан оқ ату» жарысы өтті. Дәлдік пен шеберлік сыналған тартысты бәсекеде облыстың қала-аудандық полиция бөлімдері мен департамент аппаратының қызметкерлері өзара сынға түсіп, мергендіктерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша І орынды учаскелік полиция инспекторы Сұлтан Ауелбек және Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы Жанат Тураханова иеленді. Ал жүлделі ІІ орынды Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Бөгенбай Базарқұлов пен Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы Алия Жолдасқызы қанжығалады. Үздіктердің ІІІ орынын жедел уәкіл Елеу Алғабай мен Цифрландыру және жасанды интеллект тобының аға инспекторы Айгерім Нуриддин алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының грамотасы және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Аталған жарыс қызметкерлердің кәсіби даярлығын жетілдіруге, командалық рухты нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.