Түркістан облысында полиция күніне орай спорттық іс-шара өтті 

Түркістан облысында полиция күніне орай спорттық іс-шара өтті 

 

23 маусым – Қазақстан Республикасы полициясы күніне және Қазақстан полициясының құрылғанына 34 жыл толуына орай Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық спорттық іс-шара өткізілді, — деп . Полиция қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортты дамыту, қызметтік ұжымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында өткізілген шарада Бәйдібек, Төлеби, Түлкібас, Ордабасы, Созақ  аудандық полиция бөлімдерімен Сайрам аудандық полиция басқармасы және  Кентау, Арыс қалалық полиция бөлімдерінің қызметкерлері қатысып, футбол ойнады.  Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, командалық бірлік пен өзара сыйластықтың үлгісін танытты. Спорттық сайыстар тартысты өтіп, бірінші орынды Сайрам, екінші орынды Созақ, үшінші орынды Кентау жүлделі орындарға арналған кубок, алғыс хаттар, сый-сияпат пен сертификат табысталды.  Спорттық іс-шарадан кейін полиция қызметінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан, қызмет барысында адал еңбек етіп, бүгінде өмірден өткен ардагер қызметкерлерді еске алуға арналған тағылымды шара ұйымдастырылды.  Жиналғандар ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында аянбай қызмет атқарған әріптестердің жарқын бейнесін еске алып, олардың еңбегіне құрмет көрсетті.  Мұндай тағылымды кездесулер полиция қызметкерлері мен ардагерлер арасындағы сабақтастықты нығайтып, жас буынға өнеге беруге бағытталған. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылардың оң бағасына ие болды. Бұл өз кезегінде полиция қызметкерлері арасындағы бірлікті арттырып, кәсіби рухты нығайтуға ықпал етті.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/turkistan-oblysynda-politsiya-kunine-oraj-sporttyq-is-shara-otti/