
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай ту көтеру рәсімі өтті. Аталған шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ғалымжан Қуашбаев, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәслихат депутаттары, мемлекеттік орган басшылары мен қоғам белсенділері, спортшылар, жастар және тұрғындар қатысты.
Салтанатты рәсім барысында Ту көкке көтеріліп, жиналған жұртшылық Әнұранды шырқады. Осы орайда тәртіп сақшылары да еліміздің мемлекеттік әнұранын көппен бірге шырқап, жиналған қауымға рух берді.
Мерекелік іс-шарада өнерпаздар патриоттық әндер шырқап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жиын соңында полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті сақтап, тыныштықты қамтамасыз ету үшін қызметке тартылды.