Түркістан облысында полицейлер балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады

Түркістан облысында полицейлер балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады

 

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Түлкібас аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен полиция қызметкерлерінің балаларына арналған мерекелік іс-шара өтті.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, азаматтардың тыныштығын күзету жолында күнделікті қызметтен қолы босай бермейтін полиция қызметкерлері бұл күні балаларымен бірге уақыт өткізіп, оларға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Іс-шараға полиция қызметкерлерінің 15 баласы қатысты.

Шара барысында балалар ата-аналарымен бірге аудандық саябақта серуендеп, ойын-сауық бағдарламаларын тамашалады. Сонымен қатар түрлі қызықты ойындарға қатысып, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Балаларға тәттілер мен сыйлықтар тарту етіліп, мерекелік әсер сыйланды.

Мұндай шаралар полиция қызметкерлерінің отбасыларына қолдау көрсетіп қана қоймай, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайтуға, отбасы құндылықтарын дәріптеуге ықпал етеді. Полицейлер бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, оларға жарқын болашақ пен бақытты балалық шақ тіледі.