Полиция қызметкерлері 200-ге жуық оқушымен құқықтық-танымдық кездесу өткізді

Полиция қызметкерлері 200-ге жуық оқушымен құқықтық-танымдық кездесу өткізді

"Қауіпсіз балалық шақ" іс-шарасы аясында Мақтаарал аудандық полиция бөлімі қызметкерлері оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында кездесу ұйымдастырды. Оған 200-ге жуық оқушы қатысты.

Іс-шара барысында полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы Бекбол Жиренбаев, ардагер Құнанбай Мұсаев және қазыналы қария Жасұзақ Сыдықов жастарға өнегелі өмір жолы мен тағылымды ой-пікірлерін жеткізді.

Кездесу барысында жасөспірімдерге құқықтық тәртіпті сақтау, жауапкершілік пен адалдықтың маңызы түсіндірілді.

Аталған шара жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, отансүйгіштік рухын нығайтуға және қауіпсіз қоғам құруға бағытталды.