Үш өңірдің полицейлері Түркістанда: алғашқы тәулікте 1600 дерек

Үш өңірдің полицейлері Түркістанда: алғашқы тәулікте 1600 дерек
Түркістан облысының полицейлері республиканың үш өңірінен келген қызметкерлермен бірлескен жұмыс күнін қорытындылады. Нәтижесінде бір тәулікте 1600-ге құқық бұзушылық анықталып, заң талаптарын бұзған азаматтарға тиісті шара көрілді. Сондай-ақ 129 көлік айыптұраққа қойылды.
Анықталған деректер арасында мас халде көлік басқару 2 жайт, жүргізу құқығынсыз рөлге отыру 28 жайт, қарсы бағытқа шығу 2 жайт, бағдаршамның қызыл түсіне өту 18 жайт, ұялы телефон пайдалану 113 жайт және осы секілді өрескел заң бұзушылықтар бар.
Мәселен Қызылорда облысының полицейлері патрульдеу кезінде Түркістан қаласындағы Б.Саттарханов көшесінде басқару құқығынан айырылған адамның көлік басқару жайтын анықтады. "Mercedes-Maybach" маркалы көлік жүргізушісі 2025 жылдың сәуір айында басқару құқығынан айырылған, десе де заң талаптарына орындамай, құжатсыз көлік тізгіндеген.
Ал "Батыс Қытай – Батыс Еуропа" автожолында арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды тиісті рұқсатсыз орнатқан "Chevrolet Cobalt" маркалы көлік жүргізушісі анықталды.
Мұндай бірлескен жұмыстар полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасуға және өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге мүмкіндік береді.