Түркістан облысында патрульдік полиция батальоны қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында полицейлер трасса бойында тоқтатылған жүргізушілерге көлік ішінде балаларды тасымалдау талаптарын жан-жақты түсіндірді. Атап айтқанда 12 жасқа дейінгі балаларды арнайы автокресло немесе қауіпсіздік құрылғыларын қолдану арқылы тасымалдаудың міндетті екені ескертілді.
Сонымен қатар жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау, қауіпсіздік белдігін тағу және жолда ерекше жауапкершілік танытып, балалардың қауіпсіздігін басты орынға қою қажеттігі айтылды.
Полиция тұрғындар мен қонақтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырып, балалардың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік екенін еске салады.