Оқиға полиция қызметкерлерінің бейнежетонына толық жазылған. Қызмет барысында Дархан Мұхаммед пен Бақдәулет Иманбай Lada көлігінің кенеттен жана бастағанын байқаған.
Сақшылар бірден жедел әрекет етіп, өртті сөндіру шараларын қолға алды. Кәсіби әрі шапшаң қимылдың арқасында жалын дер кезінде ауыздықталып, оның таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ.
Полиция жүргізушілерге көлік құралдарының техникалық жай-күйін үнемі бақылап, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды ескертеді.