Қоғамдық қауіпсіздік бақылауда: полиция 90-нан астам құқықбұзушылықты анықтады

Қоғамдық қауіпсіздік бақылауда: полиция 90-нан астам құқықбұзушылықты анықтады
 
Түркістан облысы аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай Жетісай ауданы полиция бөлімі қызметкерлері арнайы профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды.
Рейдтік жұмыстар барысында 90-нан астам әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталды.
Атап айтқанда, мас күйде көлік басқарудың 1 дерегі, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланудың 2 жағдайы, бағдаршамның қызыл түсіне өтудің 1 фактісі әшкереленді. Сонымен қатар қоғамдық орындарда мас күйде жүрудің 3 және белгіленбеген орындарда темекі шегудің 3 жағдайы кездесті.
Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты құқықбұзушылықтар да назардан тыс қалмады. Түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүру және ойын-сауық орында
рында болу деректері бойынша бірнеше әкімшілік шара қолданылды. Бұдан бөлек, қоғамдық орындарды ластау, рұқсатсыз сауда жасау және жаяу жүргіншілердің жол ережесін бұзу фактілері де тіркеуге алынды.
Профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде 8 автокөлік айып тұрағына қойылды.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай алдын алу шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады. Бұл өз кезегінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал етеді.