Ғарышкерлер ерлігі, қызметке үлгі

Ғарышкерлер ерлігі, қызметке үлгі
 
Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында полиция полковнигі Ғалымжан Қуашбаевтың төрағалығымен “Ғарышкерлер күніне” орай қызметкерлерге арналған танымдық сабақ ұйымдастырылды. Оған 250 полицей қатысты.
Сабақ барысында ғарыш саласының дамуы, адамзаттың ғарышты игерудегі жетістіктері мен еліміздің ғарышкерлері туралы кеңінен мәлімет берілді.
Дәрістің мақсаты- қызметкерлердің дүниетанымын кеңейтіп, ғылым мен техникаға деген қызығушылығын арттырып, ғарышкерлердің ерлігін қызметте үлгі ету. Сонымен қатар ғарышкерлердің табандылығы мен жауапкершілігі мысалға келтіріліп, тәртіп сақшыларына кәсіби қызметте жауапкершілік пен төзімділіктің маңызы түсіндірілді.
Мұндай танымдық дәрістер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.