Түркістан облысы Полиция департаменті Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Усербай Назарбаев Арыс қаласындағы мектеп оқушыларымен кездесіп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдарын жан-жақты түсіндірді.
Сонымен қатар жиында қазіргі қоғамда өзекті болып отырған буллинг пен кибербуллинг мәселелерін қозғап, олардың алдын алу, зардаптары және одан қорғану тәсілдері туралы ақпарат берді.
Жасөспірімдер арасында кең таралуы мүмкін зиянды әдеттер – темекі шегу, алкоголь және есірткі заттарын қолданудың денсаулыққа және болашаққа тигізетін кері әсерлерін де ерекше атап өтті.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оқушылар полиция полковнигіне өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі тұшымды жауаптар алды. 2 білім беру ұйымынан 250-ге жуық оқушыны қамтыған профилактикалық шаралар алдағы уақытта жүйелі түрде жалғасын табатын болады.