Түркістан облысында 2 тонна құрылыс қалдығын көшеге төккен тұрғын жауапқа тартылды 

Түркістан облысында 2 тонна құрылыс қалдығын көшеге төккен тұрғын жауапқа тартылды 

Түркістан облысының полицейлері "Таза Қазақстан" акциясы аясында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық санасын арттыру мақсатында профилактикалық іс-шараларды жалғастырып жатыр.

Мәселен, полиция қызметкерлері көше бойына 2 тоннадан астам құрылыс қалдығын төккен Қазығұрт ауданының тұрғынын анықтады. Оған абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін тиісті шара көрілді.  Тәртіп сақшылары бұдан бөлек 32 базар, 4 автобекет пен 160 қоғамдық орынды тексерді.

Нәтижесінде "нөлдік төзімділік" қағидаты аясында 144 құқық бұзушылық анықталып, заң талаптарына сәйкес шаралар қабылданды. Атап айтқанда ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша 59 дерек, абаттандыру қағидаларын бұзуға қатысты 47 дерек, белгіленбеген орындарда сауда жасау бойынша 38 факті тіркелген.

Сонымен қатар полицейлер азаматтарға қоғамдық орындарда тазалық сақтау, заң талаптарын орындау және құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша  түсіндірме жұмыстарын жүргізді.