Түркістан облысында көлігінің нөмірін қашықтан өзгертіп отырған жүргізушінің айласы әшкереленді

Түркістан облысында көлігінің нөмірін қашықтан өзгертіп отырған жүргізушінің айласы әшкереленді
 
Түркістан облысында полицейлер мемлекеттік тіркеу нөмірін әдейі өзгертіп көлік басқарған жүргізушілерді дер кезінде анықтап, заң аясында шара қолданды. Қабылданған жедел әрекеттердің нәтижесінде ықтимал қауіптің алдын алып, жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
Полиция қызметкерлері жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы Ақсукент ауылы көшелерінің бірінде құм тасыған Shacman ауыр жүк көлігінің жүргізушісі алдыңғы мемлекеттік нөмірінсіз басқарғанын анықтады.
Сонымен қатар Қарамұрт ауылында Howo ауыр жүк көлігінің жүргізушісі алдыңғы мемлекеттік нөмірін әдейілеп орнында отырып басқару үшін қолдан жасап алған. Бейнебақылау камералары арқылы тіркелген бұл деректер бойынша құқық бұзушыларға заңды шаралар қолданылды. Жинақталған материалдар сотқа жолданды.
Бұдан бөлек Howo жүк көлігін тексеру барысында жүргізушінің көліктің алдыңғы нөміріне қолдан темірден жасалған "4" санын орнатып, мемлекеттік нөмірді қажет кезінде қасақана өзгертіп отыратыны белгілі болды. Аталған дерек бойынша жүргізуші жауапкершілікке тартылып, құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Полиция ескертеді: мемлекеттік тіркеу нөмірін жасыру немесе өзгерту - заң бұзушылық. Мұндай заңсыздықтарға жол берілмейді және олар дер кезінде анықталып, тиісті шаралар қабылданады. Тәртіп сақшыларының басты мақсаты - әрбір азаматтың қауіпсіздігін сақтау және жолдағы тәртіпті қамтамасыз ету.