Түркістан облысында полиция рейд барысында мас жүргізушілердің жолын кесті 

Түркістан облысында полиция рейд барысында мас жүргізушілердің жолын кесті 

Түркістан облысы полиция департаментінің батальон қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өңірдің барлық аудандарына профилактикалық рейдке шығады. Осындай кезекті патрульдеу барысында полицейлер Сарыағаш ауданында мас халде көлік басқарған 4 жүргізушіні анықтады.

Бір түнде анықталған аталмыш құқық бұзушылықтар бойынша жүргізушілер медициналық куәландырудан өткізіліп, алкогольдік масаң күйде екендіктері расталды. Барлық деректер бойынша заң талаптарына сәйкес әкімшілік шара қолданылды. Көлік құралдары арнайы айыптұраққа қойылды.

Айта кетсек, мас күйде көлік басқару — жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін өрескел қателіктердің бірі. Осыған байланысты тәртіп сақшылары барлық жүргізушілерді заң талаптарын қатаң сақтауға және жол қозғалысы мәдениетін арттыруға шақырады.