
Мереке күндері Түркістан облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілген режимде жүргізілді. Мерекелік концерттер барысында адам көп жиналған орындарда бірнеше баланың ата-анасынан адасып қалғаны анықталды. Жедел әрекет еткен сақшылар жоғалған балаларды іздестіру жұмыстарын дереу ұйымдастырып, оларды бірнеше сағат ішінде тауып, ата-аналарына аман-есен тапсырды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдырылған полицейлер мереке күндері тұрғындардың қауіпсіздігін сақтауда қырағылық танытып, оқыс оқиғалардың орын алуына жол бермеді.