Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге ақпараттық акция өткізді 

Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге ақпараттық акция өткізді 

Түркістан қаласы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері еріктілермен бірге қала тұрғындарын интернет-алаяқтық пен нашақорлықтан қорғау мақсатында 300-ден астам жадынама таратты.

Шара барысында тұрғындарға алаяқтықтың түрлері мен сақтану жолдары, сондай-ақ нашақорлыққа қарсы профилактикалық іс-шаралар туралы ақпарат берілді. Қатысушылар тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, құқық бұзушылықтардан қорғану жолдары жөнінде кеңес ұсынды.

Еріктілер ақпараттық буклеттерді таратып, қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға үлес қосты. Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жеке және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.